«Астана қаласының орталық газбен жабдықтау» ЖШС 2001 жылы құрылды және Астана қаласының тұрғындарына сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар (ТРҚ) арқылы өткізеді. Газбен жабдықтау қызметін пайдаланатын үй тұрғындары тұтынушылар болып табылады.
компанияның құрылған жылы
Астана тұрғыны қызметті пайдаланады
топтық резервуарлық қондырғы
Қазіргі уақытта көгілдір отын Астананың тыныс-тіршілігінің барлық саласына енді. Барлық қызметтердің жұмысы қала тұрғындарын апатсыз әрі үздіксіз газбен жабдықтауға бағытталған. Бүгінде «көгілдір отынның» арқасында алатын игіліктерсіз өмірімізді елестету қиын.
Бағаларды реттеу
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 20.12.2019 ж. № 05-13/566/594 хатымен 01.01.2020 бастап тұтынушылар үшін сұйытылған көмірсутек газын өткізу қызметтерінің бағалары өзгертілді.
Бір адамға шаққандағы мұрағаттық тарифтер
| Кезең | ₸ / адам, ҚҚС-мен |
|---|---|
| 2019 жыл | 954,12 |
| 2020 жыл | 976,90 |
| 31.07.2021 дейін | 976,90 |
| 01.08.2021 бастап, 1 жылға өтемдік тариф | 948,43 |
| 31.12.2022 дейін | 948,43 |
Қолданыстағы бағалар — «Бағалар мен тарифтер» бөлімінде.
