Көрсеткіштерді беру
Үлгілік шарттың 3.2.4-тармақшасына сәйкес тұтынушы ай сайын, айдың 25-інен кешіктірмей, жеткізушіге есепке алу құралының көрсеткіштерін хабарлауға және тұтынылған газ көлеміне ақы төлеуге міндетті.
10–31: көрсеткіштерді қабылдау 25: төлем мерзімі
Көрсеткіштерді QR-код арқылы беру
Телефон камерасын кодқа бағыттаңыз немесе оны басыңыз — газ есептегішінің көрсеткіштерін беру формасы ашылады.
Форманы ашуCall-орталық
Айдың 10-ынан 31-іне дейін көрсеткіштерді тәулік бойы автоматты түрде қабылдау
WhatsApp және Telegram
Айдың 10-ынан 31-іне дейін тәулік бойы
Абоненттік бөлім
Жеке келу: Бараев к-сі, 25, ВП-1. Дс–жм 9:00–17:00, түскі үзіліс 13:00–14:00
Жалпы ақпарат
Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған газ көлемдік әдіспен есепке алынады: жеке есепке алу құралдары бойынша немесе құрал болмаған, ақаулы болған не жабдық параметрлеріне сәйкес келмеген жағдайда тұтыну нормалары бойынша (№ 96 Қағидалардың 44-тармағы).
- ҚР Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген құралдар пайдаланылады. Тұрмыстық газ плитасы үшін — G 1.6 типі.
- Есепке алу құралдарын орнату, ауыстыру және пломбылау тұтынушының есебінен жүргізіледі.
- Орнатылған құрал бастапқы көрсеткіштер мен құралдың маркасы көрсетілген акт жасала отырып міндетті түрде тіркеледі (49-тармақ).
- Қызметкерлердің есепке алу құралдарына кіруіне кедергі келтіруге және пломбалардың тұтастығын бұзуға жол берілмейді (54–56-тармақтар).
Орнату және салыстырып тексеру
| Ұйым | Байланыс |
|---|---|
| ТОО «Astana Gas Company» — есепке алу құралдарын алу және орнату | +7 (7172) 98-60-26, 98-64-11 +7 777 870 00 34, +7 777 079 81 80 |
| «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ, Метрология басқармасы — салыстырып тексеру. Астана қ., Әуезов к-сі, 28/1 | +7 (7172) 695 355 (ішкі 1121–1122), 53 37 16 metrology@naceks.kz |
