Техникалық қызмет көрсету шартынсыз газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдығын пайдалануға тыйым салынады («Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 5-тармағы).
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтынатын жүйелерге техникалық қызмет көрсету шартын жасасуға міндетті.
Техникалық қызмет көрсету кезеңділігі
кемінде, Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың 266-тармағы (ҚР ІІМ 09.10.2017 ж. № 673 бұйрығы)
Құны
Орындаушының прейскуранты бойынша, техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шартының 10-тармағы (ҚР Энергетика министрінің 12.11.2014 ж. № 117 бұйрығы)
Шартты қалай жасасуға болады
- Объектіге құқық белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттарды дайындаңыз (меншік, жалдау немесе өзге заттық құқық).
- Үлгі бойынша өтініш толтырыңыз — «Өтініш үлгілері» бөлімін қараңыз.
- Газ жабдығын пайдалануға жауапты адамды тағайындаңыз. Ол жеке шарт бойынша оқудан өтуі тиіс.
- ЖШС-ға жүгініңіз: Бараев к-сі, 25, ВП-1, дс–жм 9:00–17:00.
