Call-орталық25-32-32
Газ иісі шықты ма?ҚОҢЫРАУ ШАЛ104 Көрсеткіштерді беру

Техникалық қызмет көрсету шартынсыз газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдығын пайдалануға тыйым салынады («Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 5-тармағы).

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтынатын жүйелерге техникалық қызмет көрсету шартын жасасуға міндетті.

Техникалық қызмет көрсету кезеңділігі

3 айда 1 рет

кемінде, Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың 266-тармағы (ҚР ІІМ 09.10.2017 ж. № 673 бұйрығы)

Құны

Орындаушының прейскуранты бойынша, техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шартының 10-тармағы (ҚР Энергетика министрінің 12.11.2014 ж. № 117 бұйрығы)

Шартты қалай жасасуға болады

  1. Объектіге құқық белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттарды дайындаңыз (меншік, жалдау немесе өзге заттық құқық).
  2. Үлгі бойынша өтініш толтырыңыз — «Өтініш үлгілері» бөлімін қараңыз.
  3. Газ жабдығын пайдалануға жауапты адамды тағайындаңыз. Ол жеке шарт бойынша оқудан өтуі тиіс.
  4. ЖШС-ға жүгініңіз: Бараев к-сі, 25, ВП-1, дс–жм 9:00–17:00.